Accessibility links

Алматы мен Жамбыл облыстарында болған жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болып, тағы бір адам жараланды.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол апаты облыстың Қарасай ауданында, Алматы-Бішкек тас жолының 38 шақырымында болды. "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі көліктің руліне ие бола алмай, оны аударып алды. Жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Адам өліміне апарып соққан тағы бір жол апаты Жамбыл облысында Алматы-Ташкент автожолының 289 шақырымында болды. "КамАЗ" бен "Жигулидің" соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның 27 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
XS
SM
MD
LG