Accessibility links

Қызылорда облысында балалар арасындағы өлім көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр.


Оған дәлел, облыста жаңадан туған әрбір 1000 нәрестенің 23-і көз жұмады. Мұндай мәліметтер ана мен баланы қорғау проблемасы бойынша Қызылордада өткен қоғамдық тыңдауда жария етілді,-деп хабарлайды Kazakhstan today. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Ақмарал Әлназарова 2004-жылы облыстық балалар ауруханасында мүгедек балаларға арналған жеке бөлімше ашылатынын хабарлады. Сондай-ақ, Жалағаш және Шиелі аудандарында перзентханалар мен әйелдерге кеңес беру орталықтары ашылмақ. 2006-жылы Қызылордада облыстық аурухананың жаңа үш қабатты ғимараты салынады. Арал мен Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан Қызыл-Орда аймағының экологиясы ауыр күйде.
XS
SM
MD
LG