Шекарасыз репортерлер ұйымы Әзірбайжандағы апталық оппозициялық басылымның редакторы Рауф Арифоглының тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ол қазан айында өткен президенттік сайлауға наразылық танытқан оппозицияның шеруінен кейін ұсталған болатын. Шекарасыз репортерлер түрмедегі Арифоглы 1 желтоқсаннан аштық жариялады деп айтқан. Аталған ұйым сондай –ақ Әзірбайжанда журналистерге басқа да қысымдардың көрсетіліп отырғанын жазады.