Кеше жарық көрген хабарламада Аннан БҰҰ-ң уақытша халықаралық штабы Кипрде орналасатын болады, оның қызметкерлері Ираққа анда-санда барып тұратын болады деген. Жаңадан арнайы өкіл тағайындалғанға дейін штаб жетекшілігін БҰҰ-ң көмекші лауазымды өкілінің бірі Росс Моунтэин атқаратын болады.
БҰҰ-ң Бас хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Киран Пренбергаст Қауіпсіздік кеңесінің Ирақтағы БҰҰ-ң ролі турасындағы шешімі әлі анық емес деп айтқан тілшілерге:
- БҰҰ-ң Ираққа қайтып келуін немесе оның басты ролді атқаруын талап етушілерден олар нақты нені сұрап отырғанын анықтап сұрау керек. Қай салаға қатысуды, қандай негізде қатысу керектігін анықтау қажет болады, - дейді ол.
БҰҰ-ң Бас хатшысы К.Аннан жақын уақытта Ұлттар ұйымының халықаралық штабының Ираққа қайтып оралуының қажеттігі жоқ деп атап көрсеткен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр