Accessibility links

АҚШ президетні Дж. Буштың әкімшілігі Ирақ соғысында одақтас болмаған елдерге енді олар коалицияға қосылатын болса, Ирақты қайта құру келісімдерін ұсынатындықтарын білдірді.


Германия мен Францияның, Ресей мен Канаданың сындарына жауап бере келіп, Ақ үйдің өкілі Макклеллан Американың салық төлеушілері қаржыландырып отырған басты контратктілер Ирақ халқына және азат Ирақты қайта құру жолында жұмыс істейтін елдерге бағытталады деп атап көрсете отырып, тапсырыста кейбір өзгерістер болуы да мүмкін екендігін айтқан. - Егер кейбір елдер Ирақтағы коалиция күштеріне қосыламыз деп шешсе, жағдай біршама өзгеруі де мүмкін, - деген ол. Европа одағы Американың шешімі Халықаралық сауда ұйымының ережелеріне сай келе ме, сол жағын зерттеп көрмекші. Ал БҰҰ-ң Бас хатшысы К.Аннан Американың мұндай ұйғарымы тұрақтанып келе жатқан Ирақта пайдасыз деп айтқан.
XS
SM
MD
LG