Желтоқсанның 10-ында Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Американ мәдениет орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ашылу рәсіміне Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Марк Аксвино, облыстық атқарушы билік өкілдері, АҚШ Бейбітшілік Корпусының еріктілері және американ бағдарламасының түлектері қатысты.
Өскеменде Американ орталығының ашылуы - Қазақстанның түрлі қалаларында осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырған АҚШ Мемлекеттік департаментінің ұзақмерзімдік жобасының бастамасы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?