- Біздің еліміздің ерлері мен әйелдері Ирақты азат ету үшін арнайы киімдер киіп, өмірлерін бәске тігуде. Коалиция қатарындағы басқа да елдердің адамдары да өз өмірлерін Ирақ үшін қауіп-қатерге байлап жүр. Сондықтан АҚШ-ң барлық шығындары американдық жане басқа да әскерлердің қауіп-қатерлі өміріне жұмсалады, - дейді президент.
АҚШ президенті сондай-ақ Франция, Германия және Ресей Ирақтың мыңдаған миллион доллар болатын қарыздарын кешіру жөнінде келісімге келер деп үміттенгенін де айтқан.
Кеше бұдан ертерек Неміс канцлері Г.Шредер мен БҰҰ-ң Бас хатшысы К.Аннан Америка шешіміне қарсылық танытқан болатын.
АҚШ президенті Дж.Буш кеше Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ираққа әскер жіберген елдер ғана Ирақты қайта құруға арналған 18 миллиард долларлық контрактілерді бөлісуге хақысы бар деп деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр