Accessibility links

Израил мен Палестина шұғыл түрде келіссөз бастау керек деп айтылды


Израил сыртқы істер министрі Ариель Шарон АҚШ сапарында кеше әріптесі Коллин Пауелмен кездесті. Онда Израил мен Палестина шұғыл түрде және ешбір алдын-ала шыртсыз бейбіт келіссөзді бастау керек деп айтылды. Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жоспары бойынша Палестинаға тәуелсіздік берілмек. Израил бұл шаруаға кедергі жасамасын, деп ескертті кеше президент Джордж Буш Ақ үйде сөйлеген сөзінде. Барлық тараптар ең алдымен терроризмге бас көтертпеу керек, сосын палестиналықтар ескі сарындағы басшылықтың орнына демократиялық мемлекет құра алатын басшылықты табу керек, деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG