Accessibility links

Лойа Жырға мәжілісі ертеңге қалтырылды


Ауғанстандағы бас кеңес жиыны – Лойа Жырғаның мәжілісі сенбі күні емес, жексенбі күні ашылады деп соңғы сәтте хабарланды. Бұған барлық 500 мүшенің ел астанасы Қабулға әлі келіп жетпегені себеп деп ресми айтылды. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы болса жергілікті басшылар Лойа Жырға делегаттарын қорқытып-үркітіп, оларды жолға шығартпай отыр деді. Біріккен Ұлттар Ұйымының елшісі Лахдар Брахими бұл жөнінде шара қолдандық деп сипаттама берді. Лойа Жырға елдің жаңа конституциясын қабылдауға тиіс.
XS
SM
MD
LG