Accessibility links

Саддам қолға түссе де, Ирақтағы АҚШ-мен оның одақтастарына шабуылдар тоқтамай отыр.


Құрама Штаттары мен оның одақтастырының басшылары Саддам Хұсейннің қолға түсуі Ирақ тұрақтылығын қалыптастырудағы басты бетбұрыс деп мәлімдеді.

Тұтқындалған кездегі Саддам Хұсейннің жағдайына қарап, Ирақтағы партизан қозғалысын ол басқарды деу қиын.

АҚШ президенті Джордж Буш жаңа Ирақты қалыптастыруда Саддам Хұсейннің тұтқындалуының шешуші маңызы бар деді:

"Бұл кісінің тұтқындалуы азат Ирақтың бой көтеруі үшін шешуші маңызы бар. Бұл оның өз сапарының ғана соңы емес, оның атынан адам өлтірумен айналысып жүргендердің де сапарының соңы."

Ирақ сім Хошияр Зебари Парижде сөйлеген сөзінде Саддам партизан көтерілісінің туы болса, енді ол ту құлады деді.

"Бұл оқиға Саддамды қолдаушылардың еңсесін түсірмек. Оларды рухани тіректен айырмақ."

Алайда, Саддамның қолға түсуіне орай айтылған осындай оптимистік пікірлерге қарамастан, АҚШ -мен оның Ирақтағы одақтастарына қарсы шабуылдар тоқтамай отыр. Бомбалар жарылып жатыр. Кісі шығындары болып жатыр. Ирақтағы ҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Рей Одиерноның айтуынша, сенбі күні түнде жер асты үнгірде қолға түскен кезде Саддам Хұсейін бейшара халде болған. Оның қолында мобил телефоны да болмаған. Ешқандай байналыс құралы болмаған. Тек тапаншасы ғана болған. Саддам жасырынған жер асты үнгір оның туған қаласы Тикрит маңындағы Ад-Даур ауылынан табылған. Саддам қолға түскен кезде еш қарсылық жасамаған. АҚШ жағының айтуынша Саддам бұған дейін осындай 30 үнгірдің бірінен-кейін біріне көшіп жүрген. АҚШ оны тауып берген кісіге 25 миллион доллар бәйге жариялағаны белгілі. Лондондағы стратегиялық зерттеулер институтының маманы Джонатан Стивенсон:

"Оның ұсталған кездегі жағдайына қарап, оның көтерілісшілерді басқармағаны айдан анық."

"Сондықтан көтерілісті басқарғандар Саддамға адал жандар болуы мүмкін."

Ирақтағы көтеріліске қатысып жүрген "жихадшылар" болса Саддам тұтқындалғаннан кейін енді оның құлаған туын көтеруге ұмтылады деп біледі талдаушы.

"Сырттан кірген "жихадшылар" үшін бұл сәт көтеріліс туын өз қолдарына алуға мүмкіндік береді."

Саддамды қолға түсіргенмен, Ирақтағы зорлық-зомбылықтар толастамақ емес деп біледі АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Раиз ханым:

"Бұл жалғаса беретін шайқас. Зорлық –зомбылықтар жалғаса береді деп сенеміз біз."

АҚШ президенті Буш болса, террористер - Таяу Шығыс жүрегінде бір азат елдің пайда болғанын көргенше бейкүнә жандарды қыра бергенді жөн санайтындар дейді.
XS
SM
MD
LG