Accessibility links

Ирақта жеке қақтығыстар жалғаса түсті


Ирақта кеше АҚШ сарбаздары мен Саддам Хұсейнді қолдаушылардың арасында қақтығыстар жалғаса түсті. Бағдадта және бірнеше қалада Саддамды жақтаған шерулер өтті. Кейбір қақтығыстарды АҚШ әскерлері тоқтатты. Бағдад және Басра қалаларында, сондай ақ, Саддамның тұтқындалуын құанған шиит мұсылмандарының шерулері өтті. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Саддам Хұсейнді Орталық барлау басқармасының адамдары тергейді деп мәлімдеді. "Саддам Хұсейн соғыс тұтқыны ретінде тергеледі, Женева келісіміне сәйкес қорғауға ие болады", - деп мәлімдеді Дональд Рамсфельд.
XS
SM
MD
LG