Accessibility links

2003 жыл өтті. Ресей мен АҚШ Кавказ шахмат тақтасында қандай жүрістер жасады?


Өтіп бара жатқан 2003 жылда Кавказ аймағында үлкен өзгерістер болды. Әзірбайжан мен Арменияда өткен сайлаулар бұл елдерде қалыптасқан саяси күштерді шайқалта алмады. Грузияда болса билікте ұзақ отырған Шеварнадзе күштеп кетірілді. Ресей мен АҚШ Кавказдың шахмат тақтасында қандай жүрістер жасады?

Өткен айда Грузиядағы билік басынан кетпестей көрінген Эдуард Шеварнадзе парламенттік сайлау төңірегіндегі дау-дамайдан кейін күштеп биліктеп кетірілді деп жазады радиомыздың талдаушысы Жан-Кристоф Пех. Парламент үйіне басып кірген қарсылық шеруінің үшінші күні қарашаның 23 –де Шеварнадзе билікпен былай деп қоштасты:

"Егер мен кәзір өзім тап болған жағдайда ертең билігімді іске қосар болсам, онда бұл болып жатқан оқиғалар қан төгіссіз аяқталмақ емес. Мен өз халқыма ешқашан жалған айтқан емеспін. Ондай жағдай болмас үшін мен президенттің қызметтен кетуі дұрыс деп білемін."

Осылай 75 жастағы басшыны орнынан қозғаған жас грузин саясаткерлері 4 қаңтарға деп жаңа президенттік сайлау жариялады. Олар бүгінгі парламент төрайымы Нино Буржанадзе, оппозиция басшысы Михаил Саакашвили және бұрыңғы парламент төрағасы Зураб Жвания. Олар Грузия экономикасын қайта құрамыз деп отыр. Осы тұста Мәскеуде грузин жікшілдері жікшілдік идеяларын көтере бастаған кезде Михаил Саакашвили біз Ресеймен жаңа келіссөз өткіземіз. Ресеймен бірігіп Шешенстандағы терроризмге қарсы күресеміз деді. Бұл болса Ресейді Грузия жағына шығарғандай болды. Ал, бұдан бұрын Ресей болса Шеварнадзені шешен бүлікшілдерін паналатып отыр деп айыптаумен келгені аяні. Жаңа грузин саясаткерлерінің жаңа ұсыны Ресей президенті Путиннің құлағына майдай жақты:

"Біз заңды түрде сайланған Грузияның жаңа басшылығы екі ел арасындағы дәстүрлі достықты қайта қалыпқа келтірер деген үміттеміз", деді Ресей президенті.

Алайда Путиннің осы сөзінен кейін араға екі күн салып Мәскеу Грузияның 3 жікшіл аймағы Абхазия, Түстік Осетия, Аджария жетекшілерімен кездесу өткізді. Бұл жағдаят Грузияның жаңа басшыларының ашу-ызасын тудырды. Осы кезде АҚШ Грузияның жаңа басшыларын қолдады. Сайлау өткізуге қажетті қаржы берді. АҚШ сондай-ақ Грузияда әлі де екі әскери базасын алып кетпей отырған Ресейді сынға алды. Соныңмен Мәскеумен Вашингтон грузин мәселесіне екі білекті сыбанып араласты. Лондондағы Соғы және бейбітшілік институтының маманы Томас де Вейл Ресей мен АҚШ туралы былай ой толғайды:

"Бұл екі елдің екеуі де өздерін Кавказдағы негізгі күштерміз деп біледі. Бір –бірін құрметтей отырып өзара келісіп қимылдауға тиіспіз деп біледі. Екі жақтың екеуі де Кавказда тым еркінсіп екі қолға ерік бермеуге тиіс деп біледі."
XS
SM
MD
LG