Accessibility links

Қырғызстаның оңтүстігіндегі радиоактивті көмбелердің шайылып кетуі қауіп төндіріп отыр.


Қырғызстаның Майлы су қаласында шайылып кету қаупі бар тау жотасында орналасқан 23 радиоктивті көмбе, төменде жатқан Ферғана алқабының 12 миллиондай халқына қауіп төндіріп отыр. Бұл 1946 ыншы жылдан бері жұмыс жасаған уран шахтасынан шыққан 2 миллион текше метр көлеміндегі қалдықтар.

Қырғыстаның Экология және Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлығы Арип Көккөзовтың айтуынша, Майлы су өзенінің алқабындағы ескі технология бойынша көмілген радиоактивті қалдықтар шайылып еріген қармен не жауын шашын суларымен өзенге барып құйуы мүмкін, болмаса желмен ауа арқылы таралып, немесе жерасты суларын улау қаупі алдында тұр,-деп бастайды Ассоушейтед Пресстің тілшісі Бурт Херман өзінің Майлы су кентінен жолдаған хабарын.

Қарыздарға белшесінен батып отырған Қырғызстан радиациялық қалдықтарды тазалау жұмыстарын бір өзі көтере алмай шетелдік көмек сұрап отыр. Майлы суды тазалау үшін 17 миллион доллардың ақшсаы керек,- дейді ресми өкілдер. 2004-інші жылға бұл шаруа үшін Әлемдік банк 5 миллион доллардың қаржысын бөліп отыр. Жапония апатың алдын болдырмау жұмыстары үшін бірінші болып 500 мың доллар бөлді. Сондай-ақ, Еуро Одақта бұрынғы Совет Одағының құрамында болған елдерге техникалық көмек көрсету бағдарламасына кіргізіп отыр.

Майлы суда алғашқы уран 1946-ыншы жылы қазылып алынып, ол 1970-інші жылға шейін жабық қала болып, тіпті карталарда да, көрсетілмеді. Ол тек лампочка шығаратын завод салынғанан кейін ғана жария болды, қазір Ресей-қырғыз біріккен кәсіп орны қаладағы жалғыз өнеркәсіп болып отыр. Ал Изолит атом өндіріс орнында тіршілік нышаны байқалмайды, оның алдында тот басқан Ленин мен Маркстың бейнелері бейне күзетшідей тұр. Бір кездері заводты қаламен байлайтын көпірдің қаңқасы суға шөгіп жатыр.

Бұндағы нөмірі 4-інші мектепте сабақ беретін американдық Валентин Ладеишиков қаладағы жалғыз қайрымдылық ұйымын құрып, жергілікті тұрғындарға рудник пен жұмысы тоқтаған Изолит заводының кірпіштері мен темірлерін алуға болмайтындығын түсіндіруге тырысады. Өйткені кейбір жергілікті тұрғындар радиоактивті құрлыс материялдарын құлатқан ғимаратардан бұзып әкеліп өздерін улы сәулелерге ұшыратуда.

Бұрынғы кенші 68 жасар Райымжан Османалиевтың айтуынша, менің Майлы судан 6 қыз, екі ұлымен немерелерімді басқа жерге әкету ойымда жоқ. Ал радияцияға байланысты ол, бұл енді біздің қанымызда бар. Біз бұнда туған күнімізден бері тұрғандықтан оның бізге әсері шамалы, - дейді ол. Егер біз одан хабардар болсақ та, біздің қолда не бар ? Біз қайда көшпекпіз ?-дейді бұрынғы кенші,-деп аяқтайды Ассоушейтед Пресстің тілшісі Бурт Херман өзінің Майлы су кентінен жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG