Accessibility links

Саддамның қолға түсуі және Ирақтың жойқын қаруы туралы жорамалдар


Саддам қолға түскеннен кейін Ирақтың жойқын қаруы туралы жасырылған орын туралы жаңа айтыс-тартыс басталды.

Вашингтон қару бар дегенді қуаттайды, өйткені бұл Саддам режимін құлатуға нақты себеп болды. Бірақ кейбір басты қару-жарақ тексерушілері бұндай қарулар болған күнің өзінде оның басым көпшілігі қиратылды деп есептейді. Саддамның қолға түсуі бұл құпияны ашуы тиіс.

АҚШ-тық апталық "Тайм" басылымның хабарлауынша, тергеушілер Саддамнан Ирақ жойқын қаруға ие болды ма ?-деп сұрақ қойғанда, Саддам: "Жоқ, әрине жоқ, АҚШ бізбен соғыс ашу үшін оның болғанын тікелей қалады," - деп жауап қайтарған. Журналда жарық көрген бұл мәлімдемеден басқа, Саддамның өз тергеушілеріне не айтқандығы келтірілмейді.

Бірақ оның қолға түсуі мен Саддамның Вашингтон оның "жойқын қаруы туралы айыптауды ойдан " шығарды,- деген мәлімдемесі мен ол қарудың табылу табылмауы, Батыста қайтадан жаңа айтыс-тартыстар тудырып отыр.

Бұл мәселеге сейсенбі күні Британия үкімeтбасы Тони Блэр араласып, өз пікірін былайша білдірді:

"Біз жүргізіп жатқан, іздестіру жұмыстарын жалғастыра беруіміз керек. Өйткені кейбір заттарға қарамастан Ирақты Зерттеу Тобы ғаламат жасырын лабораториялардың жаппай куәларын анықтады, онда жұмыс жасаған ғалымдар алыс қашықтыққа ұша алатын баллистикалық зымрандарды дамытуды көздеген."

Блэр сондай-ақ, арнаулы топтар іздеп жатқан кезде сабыр сақтауға шақырып, Ирақ үлкен ел, өткеннің куәларын жасырған оңай,-деді.

Блэр, британдықтарды Саддамның қару бағдарламасының айғағы табылатындыққа сендіруге тырысқан кезде, басқада жоғарғы дәрежелі дауыстар бұл айтыс-тартысқа араласып, оны теріске шығарып отыр.

Сейсенбі күні, БҰҰ-ның бұрынғы басты қару-жарақ тексерушісі Ханс Бликс, "күн өткен сайын Саддам режимі өзінің жойқын қаруының басым бөлігін 1991-інші жылғы Шығанақтағы соғыста жеңілгеннен кейін қиратқандығы айқын болып отыр", - деді швед БАҚ-ына. Бұған қоса Бликс, "менің пайымдауымша- ешқандайда жойқын қару қалған жоқ, менің ойымша, Ираққа қатысты көптеген мәселелер жақсы тұжырымдарға сүйенбеген", - деді.

Талдаушылардың айтуынша, Ирақтың жойқын қаруы турасындағы айтыс-тартыс нақты дәлелдер табылмайынша, бірнеше айларға тіпті жылдарға созылуы мүмкін. АҚШ пен Британияның Ирақтағы әрекеттерін сынаушылар, Вашингтон мен Лондон Бағдаттан төнген тікелей қауіп қатерді асырып көрсетті, деп мәлімдесе, бұл тірліктерді қолдаушылар Саддамның жойқын қаруды жасауға мүмкіндігі болды, әрі оның көршілес елдерге жасаған шабуылдарын ескерер болсақ, бұның өзі оны биліктен кетіруге жеткілікті себеп деуде.
XS
SM
MD
LG