Accessibility links

Қазақстанның Республикалық Халық Партиясының құрылғанына 5 жыл толды


Осыдан дәл 5 жыл бұрын яғни 1998-ші жылдың желтоқсан айының 17-сі күні Қазақстанның Республикалық Халық Партиясы құрылған еді. Қазақстанның Республикалық Халық Партиясы, яғни РНПК-нің құрылғанына 5 жыл толуына байланысты осы партияның атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов және партияның атқару комитетінің мүшесі Ермұрат Бапи екеуі желтоқсанның 18-і күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз үйінде, БАҚ өкілдерімен кездесіп осы 5 жыл ішінде партияның басыныан кешірген тарихын және қол жеткізген табыстары жөнінде айтып берді.

РНПК -нің атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосановтың айтуынша партия өзінің алға қойған мақсаттарын толығымен орындады. Ең маңызды 3 жетістік болды дейді ол.

Атап айтқанда, ең біріншіде, халық оянды, халық саяси процесcтерге бұрынғысынша көз жұмып қарамайтын болды, қәзір басқаша қарай бастады, екіншіде саяcи партия деген қандай болу керек, соны көрсете білдік. Көптеген жұмыстар жасалды, шетелдік, халықаралық ұйымдармен байланыстар орнаттық. Aл үшіншіде, Қазақстанның қәзіргі жағдайында жеке заң шешіммен күресудің керегі жоқ екендігін түсіндік. Қазақстанның конституциясын өзгерту керек- дейді ол.

РНПК дaн кейін Қазақстанның саяси сахнасында демократиялық бағыттағы көптеген партиялар өмірге келді, бұл біздің үлкен жетістік, - деді Әміржан Қосанов.
XS
SM
MD
LG