Израйл бас министрі Ариель Шарон "жол картасы" жоспарын іске асыруда алғабасу болмаса – Палестинадан өзімізді дуалмен қоршап тастаймыз деп мәлімдеді. Израил даулы жағдайда кейбір еврей қоныстарының шекаралас айналасын қоршап жатқаны белгілі.
Ақ үй өкілі Скотт МакКлеллан бейбітшілікті орнату жоспарына қайшы келетін Израилдің кез-келген шарасына қарсымыз деп пікір айтты. Палестина бас министрі Ахмет Кюрей "Шаронның ауызынан шыққан үрейден көңілім қалды" деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV