Accessibility links

Жұмысшыны қызметтен шығару үшін енді кәсіподақтың келісімі қажет


Жұмысшыны қызметтен босату үшін енді кәсіподақтық келісімі қажет. Бірақ ол үшін жұмысшы кәсіподақтың мүшесі болуы керек. Желтоқсанның 19-ы күні Жоғарғы соттың жалпы отырысында қаралған еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөніндегі нормативтік қаулының 8-ші тармағы осы мәселеге байланысты болды. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажанов, аталғандай мәселенің енді шешімін тауып отырғанын айтады Ризахмет Молдажановтің айтуынша, аталғандай мүмкіндік кәсіподақта жоқ адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ ол былтыр және биылғы жылы сотқа түскен 200-ден астам еңбек дауларының 80 пайыздайы жұмысшылардың пайдасына шешілгенін айтты. Жоғарыда аталған қаулыда соттардың заңдарды дұрыс және біркелкі қолдануына түсінік берілген.
XS
SM
MD
LG