Accessibility links

Көмек беруші агенттіктерге Иранның қысымы


БҰҰ-ның Босқындар бойынша жоғарғы басқармашылығының айтуынша, Иранда жұмыс жасаушы халықаралық үкіметік емес ұйымдардың жартысы бұл елді әкімшілік және үкіметтік қысымдар мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты тастап кетуге мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, осыдан әлеуметтік – экономикалық жәрдем алушы мыңдаған босқындар көмектен қағылатын болады.

Женевада орналасқан БҰҰ-ның Босқындар бойынша жоғарғы Комиссариятының басқармашылығының өкілі Питер Кесслердің айтуынша, көптеген Халықарaлық әгенттіктер Ираннан әртүрлі мәселелерге байланысты кетуге мәжбүр:

“Басты қиыншылықтар бұл әкімшілік талаптары, бұлар әрдайым әртүрлі бөгеттер және талаптар мен жоспарлар виза талаптары және визаны кеңейтулер.”

Әкімшілік қиыншылықтар Иранда көмек көрсетуші халықаралық агенттіктердің алдында тұрған жалғыз бөгеттер емес. БҰҰ-ның Босқындар бойынша жоғарғы Комиссариятының басқармашылығының мәліметіне қарағанда кейбір үкіметтік емес ұйымдарға Иран үкімет орындары тарапынан қысымдар жасалған. Мәселен Иранда 1997-інші жылдан бері жұмыс жасап келген Британиялық үкіметтік емес халықаралық Оскенден ұйымының жоғарғы дәрежелі қызметкері ешбір ескертулерсіз жұмыстан шығарылған. Бұл ұйым Ирандағы ауғандық босқындарға қолдау көрсетіп олардың отандарына оралуына жағдай жасаумен шұғылданды. Оскенденің жетекшісі Джеймс Билл былай дейді:

“Біз үкіметтік емес ұйым ретінде өзіміздің әрекетімізді жергілікті елдің заңдары аясында атқарамыз, бірақ Теғран не себептен Оскенденнің қызметкері елден шығарылуы тиіс екендігіне түсініктеме бермеді.”

20 жылдан аса уақыт ішінде Иран соғыс пен аштықтан бас сауғалаған 2 миллионға тарта ауғандық босқындарға пана берді. Мөлшермен олардың 1 миллиондайы Ауғаныстанға оралды деген болжам бар. Сондай-ақ , 200 мыңнан аса Ирақтық босқындар да Иранды паналайды. Иран үкіметі үнемі босқындардың бар тауқыметін өз мойнына түскенін айтып, халықаралық қауымдастыққа ауық-ауық шағым айтып келді.

Ирандағы Халықаралық Босқындар Консорциумының өкілі Назанин Кейзмидің айтуынша, кейбір үкіметтік емес халықаралық ұйымдар Иранды қорлардың жетімсіздігінен тастап кетуге мәжбүр болған.

“Менің ойымша, басқа үкіметтік емес ұйымдар Иранда жұмыс жасауға қаржы жетімсіздіктерінен кетті, өйткені олар Ауғаныстан мен Ирақтың ішіндегі қорлардан алмақшы болды.”

Сондай-ақ, Кейзмидың айтуынша, Иранға қайрымдылық көрсетуші ұйымдарды тарту шынайы қиыншылықтарға ұшырап отыр. Өйткені қаржыландыру мәселесі тұр. Иранға кіру қиыншылығы бар. Бұл бұрында қиын шаруа болатын, бірақ ол күн өткен сайын қиын іс болып отыр,-дейді ол.
XS
SM
MD
LG