Accessibility links

Кеше БҰҰ-ң ресмилері Ливияға оның ядролық қару бағдарламасынан бас тарту жөніндегі ұйғарымын талқылауға келді.


Халықаралық атом агенттігінің басшысы Мохаммед Елборадей Венада Ливияның ұлттық ғылыми-зерттеу басқармасының хатшысымен кездескен, бірақ онда болған талқылаулардың егжей-тегжейі белгісіз. АҚШ президенті Дж.Буш Ливияның шешіміне орай оны ұлттық қауымдастықпен бірлесу процесін бастады деген баға берді. Араб елдерінің өкілдері Ливияның ядролық қару бағдарламасын жою жөніндегі шешімін мақұлдап қарсы алып, Израилдың да осындай қадамға баруын сұраған. Израил да Ливияның бұл қадамын құптаған.
XS
SM
MD
LG