Accessibility links

“Асар” партиясы Қазақстан қоғамының нақты қолдауына ие болды, - деп партия көсемі Дариға Назарбаева бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында паш етті.


Назарбаеваның айтуынша, бір-екі айдың өзінде ғана "Асарға" кіруді қалаушылардан 167 мың өтініш берілген,-деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі. Қазір 139 мың өтініш тексеруден өтіп оның шынайылығы анықталды, бірақ біз тіркеуден өту үшін 77 мыңын ғана тапсырдық. Қол жинау кезінде партия қатарына кірушілерге әкімшілік қысымдар пайдаланылған жоқ па?-деген сауалға, Дариға Нұрсұлтанқызы, "жоқ бұл "Асардың" идеясын құнсыздандырып жібереді. Қол жинаудағы басты талап ол әкімшілік мүмкіндіктерді пайдаланбай тек жүрек қалауына сүйену болды," - деп жауап қайырды. "Асардың" көсемінің мәлімдеуінше, оның партиясы сайдың тасындай саяси және экономикалық белсенді жас адамдардан құрылған. Дариға Нұрсұлтанқызының айтуынша, "Асар" билікке ие болу үшін құрылған жоқ, "Біз -қоғамның партиясымыз." Назарбаеваның партиясының бірінші съезді 2004-інші жылдың 31-інші қаңтарында өтеді. Одан кейін Қазақстаның әртүрлі аймақтарында "Асарластармен" кездесулер жоспарланған.
XS
SM
MD
LG