БЕЛГРАД: Бүгін Сербияның премьер-министрі Зоран Джинджичті өлтіруге байланысты қылмыстық іс бойынша дүйсенбіде басталған сот үдерісі қайта жалғасады. Осы іс бойынша 21 кісі жауапқа тартылуда, олардың ішінде “қызыл берет” атты арнайы әскер бөлімшесі бастығының орынбасары Звездан Йовович – қылмысты жүзеге асырушы есебінде айыпталуда. Тағы 15 күдікті, оның ішінде “қызыл береттердің” қолбасшысы Милорад Лукович бас сауғалап жүр. Олар сырттай сотталмақ.
Бүгін Сербияның премьер-министрі Зоран Джинджичті өлтіруге байланысты қылмыстық іс бойынша дүйсенбіде басталған сот үдерісі қайта жалғасады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр