Accessibility links

1990-жылдардың интернет жаршысы "Уайат" басылымы өзінің он жылдығын тойлап отыр.


1993 жылы жарық көрген америкалық басылым "Уайат" интернет революциясының жаршысы болып, технология әлемінде зор ілтипатқа бөленді. "Уайат" өзінің алғашқы жылдардағы санында заманауи технологияларды жаңа әлемнің жылжыушы күші ретінде шынайы насихаттады.

"Уайат" басылымы өзінің 10 жылдығын тойлап отырған сәтте ол өзінің өткеніне емес, болашақ 2013-інші жылдағы әлемнің жағдайына мақалалар арнап отыр. Бұнда бес маңызды саладан тұратын жоспар ұсынылған, "сутегі экономикасын" құру, табылған мұнай және тозығы жеткен қазба отын және жер асты қалалары дамиды деп батыл жорамал білдірген.

"Уайат" бірінші жарық көрген күнен бастап онда сарашы болған Гарри Уолфтың айтуынша, "Уайат" интернет жаршысы болып, сандық буын өкілдерімен жаңа тілде тілдесе алып, бұрын қарастырылмаған мәселелерді көтере бастады:

“1993-інші жылы "Уайат” өзін көтерілісшіл журнал ретінде көрді. Журнал болашақ он жылдықтар ішінде іскерлік әлемде және мәдeниетте адамдарға әсер ететін қуатты ағымдардың кейбіреулерін мойындады және ол бұл ағымдардың маңызын зерттейтін жалғыз дауыс болды."

"Уайат"-ты құрушы Луи Россетто журналдың манифесті ретінде мынандай ұранды ұсынды: "Үкіметтер ескірді, технология ақ ниетті және болашақ зор болмақ." Россетоның технологияларға арсыз тұжырымы жаңа басылымға Құрама Штаттарда оны сүйіп оқитын оқырман қауымды тартса, кейін ондай оқырмандар Жапония, Германия және Британияда көптеп табылды.

Нью-Йорк Университетінің Ақпарат Зерттеу Лабораториясының профессоры Кен Перлин "Уайат" журналын алғашқы күннен бастап ден қойып келеді. Перлиннің айтуынша, "Уайат" алғашқы сандарынан бастап таза технологиялық журнал болған жоқ, ол интернет технологияларының жетістіктерін көпшіліке ұсынушы болды. "Уайат" әу бастан азғана мамандарға арналған басылым болмай көпшілік оқырмандарға таралуды мақсат етті. 1990-ыншы жылдардың ортасында басылым БАҚ-на арналған бірнеше силықтарды жеңіп алды. "Уайат" 1993-і жылдардағы өз сандарында Қытай мен Үндістан болашақта технологияларды таратушы елдер болады, Шығыс Еуропа мен бұрынғы Совет Одағы заманауи технологияларды шапшаң қабылдайды,- деп мәлімдеген болатын. Ал 1997-інші жылы ғаламдық шырмауыққа компьютер вирустарын шығарған болғариялықтарға өз беттерін арнады. Бірақ "Уайат" 2000-ыншы жылдың наурызындағы интернет үрлемелі көбігінің жарылатындығын болжай алмады. Тіпті бұдан екі жыл алдын әлемдегі ең үміт күтіруші компаниялар деп АОЛ, Енрон және Уорлд Комдарды атаған болатын.

"Уайат" бұрынғыдай жалғыз сәуегей емес, қазір технология саласында жарық көретін көп дауыстың біріне айналды. 2000-ыншы жылы оны Конде Наст БАҚ империясы сатып алды. Аталмыш алпауыт "Вог," "Джентельменс Куота," және "Вәнитиф Фейа" журналадрын шығарады."Уайат" ай сайын 550 мың данамен тарайды, әрі өзінен әлде қайда бұрын жарық көріп келе жатқан "Сайнтифик Американ," "Популар Сайнтифик" және "Пи Си Уорлд"-тармен бақталастық танытады.
XS
SM
MD
LG