Accessibility links

Тосын да таңғажайып жаңалықтар әлемінде


Әр елдің салты басқа демекші, Жаңа жыл қарсаңында да әлемнің әр түкпіріндегі халықтар тұрмысында әдетте өмірде кездесе бермейтін тосын да таңғажайып, қызғылықты жаңалықтар болып жатады екен. Бүгін солардың адамды таңқалдырар, қызықты деген кейбірін сіздердің назараларыңызға ұсынып отырмыз.

Жаңа жылдық мейрамдар кезінде ішіп алып рулге отырғандарды полицияның өзі қорғайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Мексика полициясы бұрын Нью-Йорктың мэрі болған Рудольф Джулиани басқарған консалтингітк фирманы қылмыспен күрес жолында көмектесіп, кеңестер беру үшін арнайы жалдаған болатын. Олардың берген кеңестерінің бірі- түн мезгілінде бақылау бекеттерін қойып, мас жүргізшілерді ұстау туралы болған. 2003 жылдың бірінші жартысында қалада болған жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқандардың 17 процентінің қан құрамы алкоголді ішімдіктің қаншалықты көлемде болғаны турасында тексерістен өткізілген. Полиция негізінен Рождество мен Жаңа жыл алдындағы түнде автомобилін қатты жылдамдықпен айдап келе жатқан жүргізушілерді ғана тоқтатады. 8,5 миллион адам тұратын қаланың полиция басқармасынң өкілі Энрике Гонзалес бұл аталған күндері қаладағы көлік қозғалысы дәтүрлі түрде 85 процентке төмендейді дегенді айтады. Гонзалес мейрамдар отбасылық мереке ретінде аталып өтіледі, елдің басым көпшілігі бала-шағасынымен бірге туған-туыстарын аралап, Рождествоны атап өтіп, Жаңа жылды мейлінше ішімдікпен қарсы алып, әбден демалған соң, соңынан шала мас күйінде өз үйіне қарай бет алады, міне сол кезде оларды тоқтатпай, кешіріммен қарауға болады дейді.

Чехияның әскери барлау қызметінің кішкентай қол компьютері қалайша қолды болды.

Арнайы күштер қолбасшысы, чех генералы Петр Павел өте сақ адам. АҚШ-тың Ирақта жүргізген соғысы барысында мұнда Чехияның да күштерінің болуына мүмкіндік берілгеннен кейін, генерал Петр Павел Катардағы одақтастар штабында байланыс саласына жауап беруге тапсырма алған. Катарға кетерінің алдында ол өзінің қол компьютеріндегі барлық ақпаратты тазалағанын айтады. Ол мұндай сақтық қадамды тіпті комьпютердің жеке коды бар және оны одан хабарсыз адам аша алмайтындай болса да жасаған. Прагаға қайтып келгенде генерал баршаға мәлім бұл фактіні мүлде ұмытып қалады. Ол өзінің әлгі бағалы бұйымын Чехияның әскери әкімшілік ғимаратының алдында автомобилінің ішінде қалдырып кеткен. Ал ешуақытта мұндай қолайлы жәйттың бірін де қалт жібермейтін ұрылар болса, машинаның терезесін сындырып компьютерді қолтығына қыстырып кете барған. Әрине комьпютердің иесі мұндай қолайсыздық ең алдымен өз қатесі екендігін айтады. Ал ұрланған зат болса, дүкенге кепілдікке өткізілген жерінен табылған. Генералға әрине, ұқыпсыздығы үшін айып салынған, бірақ та бұл оқиа енді оның есінен кетпестей болғаны анық.

Үйіңіздегі тоңазытқыштың пайдасымен қатар зияны да болатын көрінеді.

Париждегі Роберт Дебре ауруханасының дәрігері Жан Пьер Хеюго ішектің түйіліп ауыратын Крон деп аталатын сырқатын тудыратын қоздырғыштар тұрмыста қолданылатын тоңазытқыштың ішінде де болуы мүмкін деген пікір айтады. Аталған ауру 1950 жылдары кең таралған болатын. Доктор "Ланцет" журналында жарық көрген мақаласында жасалған тәжірибелердің барлық нәтижесі суықтай, мұздатылған тағамды пайдаланудың Крон ауруына негіз болатындығын жазады. Маселен еттің құрамында және сыр мен салат сияқты тағамдарда болатын және қандай суық болса да, жойылып кетпейтін кейбір бактериялар әлгі ауруға себеп болатын көрінеді дәрігердің пікірінше.

Сингапур сияқты халқы да, турисі де көп болатын қалада Жаңа жыл алдында өзгеше бір науқан басталады екен.

"Санта Клаустың киімін" киінген жас қыз-келіншектер халық көп жиналған жерлерді аралап, кішкентай сыйлықтар таратады. Бұл сыйлықтардың әдеттен өзгешелігі сол, ол кәдімгі қатерлі СПИД ауруынан қалай сақтанудың жолдары туралы қысқа насихат айтылып, соңынан кішкентай пакеттегі презерватив деп аталатын зат үлестіріліп, оны пайдаланудың жолдарын да көрсетіп беретін көрінеді, әлгі кеселден сақтануға шақыратын жарылқаушылар. Аталған қатерлі дерттен сақтайтын өнімді шығаратын "Такасо" фимасының бас менеджері Тония Тан "Клаус киіміндегі" әйелдер мұндай сыйлықтарды тек үлкендерге таратады, ал балаларға тәтті кәмпиттер ғана үлестіреді дейді.
XS
SM
MD
LG