Accessibility links

2003 жылғы адам құқықтарының сақталуы сын көтермейді


Өтіп бара жатқан жылда әлем бойынша Адам хұқықтарының сақталуы сын көтермейтін дәрежеде болды. Дей тұрғанмен, сарапшылардың пікірінше, келер жылы бұл мәселе жақсы жағына қарай өзгеруі мүмкін.

Адам хұқықтарын қорғаушы белсенділерді 2003-ші жылы мазалаған проблемалар аса жаңа емес. Ондай қиын түйіндер 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін-ақ іле-шала басталғаны белгілі. Ешқандай заңдық хұқықтары болмаса да, терроршы деп күдікке ілінгендерді АҚШ күштерінің Гуантанамо Бай түрмесіне апарып тығуы әлі жалғасуда. “Ұлттық қауіпсіздік мақсатында” деген жамылғы астында адам хұқықтары аяусыз тапталуда. Ал, Орталық Азия елдерінде террорлық әрекеттерге қарсы күрес деген ұранмен жаппай репрессиялар жүргізіліп келеді. Бұл жөнінде Амнести интернейшнл ұйымының өкілі Джон Иганәйс: “Иә, 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйегінен бері, тіпті бүгінге дейін көптеген салалар бойынша тәсілдер сол күйінде сақталып отыр”-, деді Иганәйс мырза. Оның пікірінше, 2002-ші жылғыдай, 2003-ші жылы да АҚШ-тың террорлық әрекеттерге қарсы күрес деген науқаны салдарынан Адам хұқықтарының сақталмауында ең басты үш бағыт көрініс берді. Ең әуелі, адам хұқықтарының бұзылуы күш қолданулармен тікелей байланысты болды. АҚШ та, Британия елі де террорлық әрекеттерге қатысы бар деп күдікке ілінгендерді ешқандай сот шешімінсіз түрмеде ұстауда. Бақылаушылардың пікірінше, мұндай қадамдар “Халықаралық заңдарды” әлің жетсе, бұза берсең болады-, деген тектес жаман үлгіге жетелегендей. Иганәйс мырзаның айтуынша, бұл жылы сондай-ақ жаңа шапан жамылған ескіден келе жатқан репрессиялар одан әрі жандана түскен еді. Мысалы, Қытай өкіметі өз еліндегі ұйғыр жікшілдерін, ал Ресей елі болса жікшілдік бағыттағы Шешен жауынгерлерін ғана емес, қарапайым халықты да “террорлық әрекеттерге қарсы күрес” деген желеумен қырып-жойғаны белгілі. Ал, 2003-ші жылғы Ираққа қарсы соғыс хұқық қорғаушылардың бар назарын өзіне аударғаны аян. Хюман райтс воч ұйымы АҚШ-тың бастауындағы одақтастарды да, сондай-ақ Саддам Хусейн әскерінің қалдықтарын да қарапайым халықты нысанаға байлағандары үшін талай рет қатты сынға алған болатын. Мианмар әскерінің де зорлық-зомбылықтары арнайы тамыз баяндамасында талданған еді. Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің қолға түсуі, қарапайым ирақтықтар өмірінің жеңілдеуіне алып келетін шығар-, деп хұқық қорғаушылар үміт артуда.

Дей тұрғанмен, өтіп бара жатқан жылда жағымды жаңалықтар да болмай қойған жоқ-, дейді адам хұқын қорғаушылар. Ең әуелі, бұған дейін соғыс қылмыскерлерін қараумен айналысқан сот биылғы жылы Қылымстық істерді қарайтын халықаралық сот ретінде қайта құрылды. Ол өзінің алғашқы ісін келер жылы Конгодағы соғысқа байланысты ашатын болар. Сот сипатының бұлайша өзгеруі болашақтағы диктаторларға жолданған арнайы хабар сияқты көрінеді. “Тағы бір айтарлықтай ізгі қадам-, дейді Иганәйс мырза-, өтіп бара жатқан жылда АҚШ та да, Британияда да ұлттық қауіпсіздік деген желеумен адам хұқықтарының аяққа тапталғандығына орай ашық сындар көптеп айтылды. Демек, халықаралық заңдар өз күшіне қайта келе бастады-, дейді сарапшы.
XS
SM
MD
LG