Accessibility links

“Эйр Франс” әуе компаниясы сәрсенбі күні Париж бен Лос-Анжелес арасындағы 6 қатынасты тоқтатты.


ПАРИЖ: “Эйр Франс” компаниясының ұшақтарына террористік қастандық қатерінің төнгені туралы Франциядағы АҚШ елшілігінің ескертуінен соң, аталмыш әуе компаниясы сәрсенбі күні Париж бен Лос-Анжелес арасындағы 6 қатынасты тоқтатты. Францұз премьер-министрі Жан-Пьер Рафаррен өз мәлімдемесінде: үкіметтің әлгі әуе қатынастарын АҚШ жағы берген мәліметтер негізінде тоқтату туралы шешім қабылдағанын атап көрсетті. Лос-Анжелес әуе жайында бұрын соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданды.
XS
SM
MD
LG