Ирақ Саддам Хусеин билігі құлатылғаннан кейін көкек айында өз көршілерімен жағдайды жақсартуға талпынды. Бірақ бұған соғыс жылдарымен және ұзақ халықаралық оқшауландырумен қоса Ирақ үкіметтінің қазіргі өтпелік мәртебесі тосқауыл болып отыр.
Бұл туралы Вашингтондағы Таяу шығыс институтының вице президенті Дэвид Макктың айтуынша, Ирақтың өз байланыстарын дұрыстау үшін оның заңды үкіметі болуы тиіс:
"Бұл мәселеде Ирақтың ешқандай құрылған үкіметті жоқ. Ирақтың Басқару кеңесінің мүшелері конституцияны дамыту үшін және ирақтықтармен және өз көршілеріне байланысты толық заңдылықты сақтау үшін аса ауыр жұмыстар атқарып жатыр. Ирақтағы саяси жағдай даму үстінде. Бұл жағдайда ирақтың болашақ үкіметінің сыртқы саясаттағы әртүрлі көршілерімен қарым-қатынастарының қандай күйде болатындығына болжам жасау өте қиын."
Парсы шығанағы елдері Кеңесіне мүше 6 елдің Сыртқы істер министрлері өткен жексенбіде бас қосып Ирақтың аталмыш ұйымға кіру туралы өтінішін қарады. Бұл топ 1990-ыншы жылдың тамызында Кувейтке басқыншылық жасаған кезде Ирақты өзінің көптеген спорттық, оқу ағарту және әлеуметтік кеңестерінен аластады.
Парсы шығанағы елдері Кеңесінің Бас хатшысы Абдулрахман әл Әттия, дүйсенбі күні Ирақтың мүшелігін қалпына келтіруді талқылау әзірше ерте,- деді. Аталмыш ұйымға Кувейт, Сауыд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оман және Бахрейн мүше. Кувейтпен екі жақты қарым-қатынас тым ауыр. Бұны қалпына келтіру оңай болмайды. 1990-ыншы жылғы басқыншылық кезінде 600 дей кувейттік із түзсіз жоғалып кетті. Бұнымен қоса Кувейт үкіметі мен компаниялары, жекелеген адамдары миллиондаған долларлардың әскери шығындар мен өтем ақыларды төлеуін көтеріп отыр. БҰҰ-ның арнаулы бөлімі мөлшермен 350 миллион доллардың талаптарын қарастырып жатыр.
Бірақ ең үлкен айып Саддамға тағылмақ. Кувейт оның кез келген түрдегі сот ісіне өзінің қатынасатындығын білдіріп отыр. Иранда Саддамға 1980-88 жылдар аралығындағы соғыстар үшін оны жауапқа тартпақ. Сондай-ақ, Израйльде 1991-інші жылғы Шығанақтағы соғыс кезінде өз жерін ирақтық зымрандары соққылағандығы мәселесін көтеруі әбден мүмкін.