Accessibility links

Саддамның қолға түсуі АҚШ-тың Ирақтағы әрекеттеріне үміт отын оятып отыр


9 ай бұрын АҚШ Бағдаттың үстіне бомбылар мен қанатты зымырандарын жаңбырша жаудырған кезде, қазіргі партизан соғысы етек алып одан шығу жолдары оңай болмайтындығын ойламаған болуы керек. Бірақ биліктен құлатылған Саддам Хусейіннің таяуда қолға түсірілуімен Вашингтон келесі жылы Ирақта тұрақтылық орнатады деген жаңа сенім пайда болды.

АҚШ елбасы Джордж Буш 1 мамырда Ирақтағы соғыс аяқталғанын жариялағанан кейін сегіз ай ішінде мөлшермен 200 американдық қосын және 40 тай одақтастар әскері мен көптеген халықаралық көмекшілер солардың қатарында БҰҰ-ның басты өкілі Сержио Вьера де Меллоны қосқанда және көптеген ирақтық көтерілісші қолынан мерт болды. Таяудағы Саддам Хусейінің қолға түсірілуімен оның режимінің құлатылуына қарамастан соғыс аяқталды деуге әлі ерте екендігі анық болып отыр.

Саддамның қолға түсірілгеніне қарамастан Ирақтың қауіпті жер екендігі туралы Буш ескертті:

“Ирақтағы терроршылар қауіп төндіріп тұр. Біздің одақтастардың жұмысы қиын болмақ және ол тағыда шығындарды талап етеді. Әйтседе Ирақтың азаттық жолында екендігі аян.”

АҚШ әскерінің бұрынғы барлау сардары, қазіргі талдаушы Кеннет Аллардтың айтуынша, Вашингтон бір-біріне қарама-қайшы мақсаттың ортасында қалып отыр, бірі жеңіумен екіншісі мүмкіндігінше тезірек шығу мақсаты.

АҚШ-тың Ирақтағы басты міндетерінің бірі уақытша кеңесті құрып ол өз кезегінде келесі жылдың 1-і шілдесінде өтпелі үкіметті тағайындауы болып отыр. Кеңес сондай-ақ конституция жобасын бекітуші комиттетті тағайындауы тиіс, оның өтуі демократиялық сайлауларға әкелмек.

Ирақтағы жағдайдың нәтижесі АҚШ-та өтетін елбасы сайлауларына да, әсері зор. Саддамның қолға түсірілуі Буштың беделіне қазір қызмет жасап отыр, бірақ Ирақтағы жағдайдың қалайша өрбитіндігіне көп нәрсе байланысты.

Саддамның қамауға алынуы Ирақтағы қарсылықтарды азайтады деп АҚШ әкімшілігінің ресми өкілдері сенім танытқанымен талдаушылардың пікірінше, бұл қарсылықтар жалғаса бермек. АҚШ Қорғаныс Министрі Дональд Рамсфелдтің айтуынша, 2004-інші жылы Ирақтағы жағдай ауыр күйде болмақ.
XS
SM
MD
LG