Accessibility links

Батыс Африканың Бенин республикасындағы әуе апатында кем дегенде 90 адам опат болды.


КОТОНУ: Батыс Африканың Бенин республикасындағы әуе апатында кем дегенде 90 адам опат болды. Жолаушы ұшағы ел астанасы Котонудан әуеге самғай берген сәтінде әуеде жарылып, теңізге құлаған. 18 жолаушы аман қалған. Ливан әуе компаниясының негізінен Батыс Африка елдерінде еңбек ететін ливандықтар отырған ұшағы Бейрутқа ұшып шыққан. Көргендердің айтуынша, ұшақ көтеріле бергенінде бір құрылысқа сүрініп, жарылған. Атап болған жерге Ливанның сыртқы істер министрі Жан Обейд аттанды.
XS
SM
MD
LG