Accessibility links

Тель-Авивтегі бомба жарылысынан кем дегенде 3 кісі опат болып, 16-ға жуық адам жараланды.


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильде жаңа террористік қастандық болды. Тель-Авивтегі бомба жарылысынан кем дегенде 3 кісі опат болып, 16-ға жуық адам жараланды. Бомба бейсенбі күні кешкісін, адам лық толған автобус алдамасында болды. Израильдіктер жарылғышты жанкешті-террорист іске қосты деп есептейді. Онымен бір мезгілде Газа секторында Израиль тікұшақтары экстремистік “Ислам джиһады” тобы жетекшілерінің бірі Муһлид Хамид пен тағы 4 кісі отырып келе жатқан автокөлікті жойды, 12 палесиндік жараланды.
XS
SM
MD
LG