Accessibility links

Иранның лауазымды өкілдері кеше ертемен ежелгі Бам қаласында жер сілкінген кезде 20 мыңдай тұрғын қаза тапты дейді.


Ал мемлекеттік теледидар болса апат кезінде жарақат алғандардың саны 30 мыңдай деген дерек келтірген. Жерасты дүмпуінің қуаты Тегеранның оңтүстік шығысынан 1000 мың шақырымдай қашықтықта Рихтер бағанымен 6,3 балға жеткен. Жер қозғалған мезетте адамдардың көпшілігі ұйқыда болған. Жергілікті губернатор Мохаммед Али Карими апат туралы айтып, көмекке шақырған. - Зақымдалған, қираған үйлер, ғимараттар соншалықты көп, ендігі біздің міндет- үйінділер астынан тірі қалғандарды тезірек аршып алу, бұл үшін бізге аса көп көмек қажет болады, - деген ол. Президент Мохаммед Хатами үш күнді ұлттық қаралы күн деп жариялады. Әлемнің көптеген елдері Иранға көмек қолдарын созды. Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ АҚШ та қол ұшын беруге әзір.
XS
SM
MD
LG