Accessibility links

БҰҰ-ның тексерушілеріне Ливиядағы ядролық нысаналар көрсетіледі.


Сенбі күні БҰҰ-ның Халықаралық атом қуаты агентігінің басшысы Әл Бәрәдeй жетекшілігіндегі тексерушілер тобы Ливияға келді. Олар Ливияда атом қаруы мен басқа да жойқын қару-жарақ түрлерінің бар жоғын анықтауы тиіс.

Жексенбі күні Ливиялықтар өздері жұмыс жасаған жойқын қару бойынша тәжірбие нысандарын БҰҰ-ның Халықаралық атом қуаты агентігінің тексерушілеріне көрсетпек,-деп бастайды Рейтер агентігінің тілшісі өзінің Триполиден жолдаған хабарын.

Ливиялықтардың айтуынша, олар уранды байыту бағдарламасы бойынша тәжірбие жұмыстарын жасаған, бірақ ешқандай да бір уранды байыта алмаған.

Сенбі күні өткізген баспасөз маслихатында Ливия Сыртқы істер министрі Мұхамед Әбдірахман Чалғам ресми Триполи ешқашан зертхана тәжірибелерінен нақты қару жасау бағдарламасына өтпегендігі туралы мәлімдеді.

Әл Бәрадей Триполиде дүйсенбіге дейін болады. Ол Ливия бас министрімен және реті келсе елбасы Муаммар Қаддафимен кездесуі керек.

Халықаралық атом қуаты агентігінің кейбір тексерушілері бейсенбіге дейін Триполиде қалады, оларға агенттікті қызықтыратын барлық орындар көрсетілмек.

Қаддафи башылығындағы мұнайға бай елді АҚШ көптен бері халықаралық терроршылдықты демеуші елдердің тізімінде ұстап келеді. Ливия ай басында өзінің ядролық және басқа да жойқын қаруларға ие болу жоспарынан бас тартатындығын жариялады.

АҚШ пен Британия Триполи жойқын қаруға ие болуға әзір деп пайымдағанымен Әл Бәрадей Ливияға жолға шықпас алдын Рейтер агенттігіне бұл Солтүстік Африкалық елдің бомбаға ие болуға жақындығына өзінің күмәнін келтірді. "Олардың жойқын қаруға ие болуларына әлі ерте екен деп біз оларға қатынап, ядролық бағдарлама мәселесін талқылаудан бас тартпауымыз керек", - деді ол.

Ливия өзінің ашық екендігін жариялап, қол қойған Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге берік екендігін дәлелдемек.

"Ливия Халықаралық атом қуаты агентігімен серіктестікке барып жан-жақты жұмыс жасап, өзінің хақ екендігін дәлелдейді,...және Ливия Қосымша Хаттамаға қол қояды", - деді Ливия Сыртқы істер министрі.

Өз сөзін жалғастырып ол: "Бұл басқа елдердің де «құлағына алтын сырға», әсіресе Израильге - олар да өздерінің жойқын қаруын талқандауын бастауы керек", - деді.

Әл Бәрәдейдің айтуынша, Ливияны кімнің ядролық технологиямен қамдағаны белгісіз. Ливияның айтуынша, Иран іспетті ол да уран байытушы қондырғыны қара базардағы "дәнекерлерден" алған. Біз оны қара базардағы ортада тұрған адамдар арқылы алғандықтан, технологияның шығу тегіне зер салған жоқпыз, - дейді ол.

Халықаралық атом қуаты агентігіне жақын дипломаттың айтуынша, Ливиялық уранды байыту бағдарламасының шығу тегін анықтау Иранның өз технологиясын қайдан алғандығы бойынша туындаған көптеген сауалдарға жауап берген болар еді.
XS
SM
MD
LG