Accessibility links

“Мемлекеттік сатып алу жөніндегі” заңға өзгеріс енгізу қажет.


Желтоқсанның 29-ы күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Мал өнімдері корпорациясы Жабық акционерлік қоғамының президенті Керимжан Бижановпен кездесіп,оның осы корпорацияның атқарып істері жайныдағы баянадамысн тыңдады.

Құрылғанына 1,5 жыл ғана болған Мал өнімдері корпорациясының президенті Керімжан Бижанов өз сөзінде:

“Ішкі базардағы ет өнімдерінің көлемі 795млн тоннаға,ал сүт өнімдерінің көлемі 4,1млн тоннаға бағаланады, Өкінішке орай, азық-түлікті мейлінше қайта өңдеудің қажеттілігі қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамытылмағандығынан шұжық өнімдері 42 пайызды, ет консервісі 64 пайызды, құс еті 48 пайызды сүт консервісі 98 пайыз, құрғақ сүт 58 пайызды құрайтын өнімдер импорт есебінен болып отыр”, - деді.

Керімжан Бижанов “Мемлекеттік сатып алу жөніндегі” заң аталмыш корпорацияның ауылды жермен тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отырғандықтан, депуттардан осы заңға өзгеріс енгізуді сұрап отырмыз дейді.

Керімжан Бижанов: - Шаруашылықтардан сатып алатынымыз ет,сүт, май,тері сияқты мал өнімдерін сатып аламыз. Оны өзіміздің ішкі қаларға сатамыз,онан кейін шетелге шығарамыз. 300 млн теңге көлемінде шетелге сүт өнімдерін саттық. Біздің өндірушілер енді ғана аяқтарынан тұрып, тек ған ішкі базар емсе, шетелге де шығаруға жұмыс істеп жатыр. Бірақ біздің шешімі табылмай отырған үлкен мәселеміз, бізді құрған кезде біз өнімдерді ауыл шаруашылықтарынан сатып алуымыз керек еді. Ауылға барып, ауылда тері өндіретін,сүт, ет, жүн өндіретіндерден алуымыз керек еді. Алайда заң бойынша біз оны тек тендер арқылы ған сатып ала-аламыз. Осы мәселе шешілмей біздің ауылмен тікелей жұмысымыз алға басуы қиын. Ең үлкен проблема сол.

Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев жалпы бұл корпорацияны жабу керек деген пікірде. Депутат Серікбай Әлібаев:

- Біз нарыққа көшкеннен кейін, көп өндірістерді жекешелендіргеннен кейін,Үкімет тарабынан мұндай кәсіпорындарды құрудың қажеті жоқ еді. Өйткені Үкімет кіріссе саудаға. Біз орта бизнес,кіші бизнесті дамыту керек дейміз. Үкімет әр министрлік жанында осындай кәсіпорын ашып, жекеменшік кәсіпорындарға бөгет жасап отыр. Ал Үкімет тарабынан келген кәсіпорын оларға жұмыс істете ме? Сондықтан мұндай кәсіпорындарды жабу керек. Бұл корпорация өнім бағасының төмендеуіне себеп болғанның орнына арзан бағаға сатып алып, өздері қымбат бағаға сатып отыр. Бұл сауда. Ал саудамен біз ауылды дамыта алмаймыз. Ал заңға өзгеріс енгізудің ақжеті жоқ, тендер арқылы сатып алуы керек. Біз оларға ерекше жағдай тудырмауымыз керек.

Отырыс соңында депутаттар келесі жылы “мемлекеттік сатып алу туралы”заңға өзгерістер енгізу мәселесін қарау барысында, Мал өнімдері корпорациясының бұл ұсынысын ескереміз деген ұйғарымға келді.
XS
SM
MD
LG