“Жас алаш” басылымының 30 желтоқсан күнгі саны, өткен жылдағы болған елеулі оқиғаларға арналыпты. Газеттің басты мақаласы ретінде “2004 – саяси реформа жылы болар ма екен?” деген айдармен жүргізілген сауалнаманы айтуға болады. “Ауыл” партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Ғани Қалиев “Саяси партиялар туралы” Заңның қабылдануы үлкен оқиға болды деп есептейді. Елдің көбі алғашқыда 50 мың мүше жинаудан шошығанымен, кейіннен көптеген партиялар өз қатарының санын 70, 80 тіпті 100 мыңға шейін жеткізген. Халықтың саяси белсенділігі көтерілген. Ғани Қалиев қабылдалғалы жатқан сайлау туралы Заңда демократиялық нормалардың бәрі ескеріледі, деп пайымдайды. Қазір екі жоба- Үкімет жобасы мен “Ауыл” фракциясы ұсынған жоба Парламентте қаралуда. Саясаттанушы Әзімбай Ғали “Сайлау туралы” Заңның негізгі баптарының әлі қаралып бітпегендігін айта келіп, 2004 жыл Президенттің жолдауына байланысты демократияландырудағы шешуші жыл болуға тиістігін сөз қылады. Әзімбай Ғали демократияландыру кезінде екі түрлі нәрсенің, яғни бірі – демократиялық айқау шудың және екіншісі лас технологиялардың белең алатындығына талдау жасай келіп, бұлардан қорықпау қажеттілігіне тоқталады. Республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесі қауымдастығының президенті Дос Көшімнің айтуынша, сайлаудың қалай өтетіндігі төрт мәселеге байланысты. Біріншіден, Сайлау заңының қабылдануы, сосын сол заңмен жұмыс істейтін сайлау комиссияларының адал болуы, үшіншіден көзі ашық сайлаушылардың болуы және төртінші – сол сайлаудың барлығын қалт жібермей бақылап отыратын бақылаушылардың болуы.
“Известия Казахстан” басылымының сейсенбілік санында жарық көрген Игорь Воротнойдың мақаласында таяуда ғана Парламент қабылдаған “Бұқаралық ақпарат құралдары” туралы Заң жобасы туралы айтылыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң” жобасындағы көптеген тұстар Ата Заңға қайшы келеді екен. Әсіресе осы Заң жобасындағы алынған ақпараттың растығы үшін бүкіл жауапкершілікті журналистке ғана жүктеліп қоюы қоғамда үлкен наразылық туғызып отыр. Ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов өз сөзінде аталмыш заң жобасының мемлекеттілікті нығайту мен қауіпсіздікті күшейту үшін зор қызмет атқаратындығын атап өтіп отыр.
Жаңа жыл қарсаңында “Эйр Казахстан” Ұлттық әуе компаниясы Алматы –Киев-Прага бағытында жаңа рейс ашты. Бұл туралы “Түркістан” басылымының кезекті санында “Еуропаның жүрегіне жол ашық” атты редакциялық мақала жарық көрді. Мақалада бұдан былай қазақстандықтар үшін Киев пен Прага қалаларының едәуір жақындай түсетіндігі хабарланған. Бұрын Алматыдан Киевке Мәскеу арқылы, ал Прагаға Франкфурт, Лондон, Амстредам арқылы ғана сапар шегуге тура келіп, жолға 12 сағат уақытын жіберетін жолаушы, енді сол уақытын екі есеге дейін қысқарта алады. Сондай-ақ газеттің осы санында Ғалымжан Мелдеш Прага қаласына барып келгендегі іссапары туралы баяндапты.
“Новое поколение” апталығының 30 желтоқсан күнгі санында жарық көрген Вячеслав Шекунскидің мақаласында Қазақстанның саяси өмірі туралы айтылыпты. Мақала авторы бүгінгі таңдағы Қазақстанның саяси өмірін тоқсаныншы жылдардың бас кезіндегімен салыстыруға болмайды деген ойын айта келіп, Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының жұмысын да сынға алып өткен. “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы сайлауды өзінің адамдары мен ойларын насихаттау үшін ғана пайдаланды” дейді мақала авторы.
Жаңа жыл қарсаңында қазақ әдебиеті мен журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. 78 жасқа қараған шағында қазақтың көрнекті сатиригі, Темірбек Қожекеев дүниеден озды. “Егемен Қазақстан” газетінің 30 желтоқсан күнгі санында осыған орай қазанама беріліпті. Көрнекті көсемсөз шебері, қоғам қайраткері Темірбек Қожекеевтің артында қалдырған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз. Өз дәуірі мен ұлтының рухани кеңістігіне адал қызмет еткен ақсақалдың өмір жолы кейінгіге үлгі болары ақиқат” делінген қазанамада.
“Экспресс К” газетінің 30 желтоқсан күнгі санындағы Әлішер Елікбаевтың мақаласында Алматы қаласындағы жаңадан салынған аэропорттың ашылу салтанатының болып өткендігі хабарланған Жаңадан салынған аэропорттың ашылу салтанатына мемлекет басшысының өзі қатысыпты.