Accessibility links

АҚШ жауынгерлері солтүстік Ирақтың Киркук қаласындағы 2 күрд партиясының кеңселеріне тінту жүргізді.


БАҒДАД: Өткен түнде АҚШ жауынгерлері солтүстік Ирақтың Киркук қаласындағы 2 күрд партиясының кеңсесін тінтіді. Демократиялық партияның жоғары шенді өкілі тұтқындалды, қару мен гранаттар тәркіленді. Киркук қаласында этникалық топтар арасында қақтығыстар өтуде. Сәрсенбіде Демократиялық Күрдістан партиясының мүшелері Киркукті Ирақтағы Күрдістанның құрамына қосуға қарсылық білдіріп шеруге шыққан 4 кісіні – түркімендер мен арабтарды атып өлтірді. Артынша 2 күрд пышақталды, 1 араб - полициямен қақтығыста мерт болды.
XS
SM
MD
LG