АММАН: Жексенбіде британ премьер-министрі Тони Блэр мен Иордания патшасы 2-нші Абдулла Израиль мен Палестинаны қантөгісті доғарып, бейбіт келіссөздерді жалғастыруға шақырды. Ираққа сапарыннан кейін елге қайтқан жолында британ премьері Иорданияға қысқа мезгілге аялдады. Жексенбіде Т.Блэр Ирақтың Басра қаласында ағылшын әскерилерімен кездесті. Ол жауынгерлерге ризалығын айтып, Ирақта бейбітшілік пен демократия орнату – ең басты мақсат деп атап көрсетті. Т.Блэрдің Ираққа сапары алдын-ала хабарланбады.
Британ премьер-министрі Т.Блэр мен Иордания патшасы 2-нші Абдулла Израиль мен Палестинаны бейбіт келіссөздерді жалғастыруға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы