Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ауғанстан басшылығы мен ауған құрылтайы – Лойя Джирганың өкілдерін жаңа конституцияны қабылдауымен құттықтады.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ауғанстан басшылығы мен ауған құрылтайы – Лойя Джирганың өкілдерін жаңа конституцияны қабылдауымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл құжат алдағы маусым айында өтетін жаппай сайлаулардың негізін қалайды. Дж.Буш атап көрсеткендей, АҚШ өз көмегін алдағы уақытта да доғармайды. Бірнеше апталық қызу пікірталастан кейін жексенбіде Ауғанстанның жаңа Ата заңы мақұлданды. Оған сәйкес, ауған президентіне кең құзырлар беріледі, оның есесіне 2 вице-президенттің лауазымы енгізіледі және дари мен пушту – мемлекеттік тілдер болып бекітілді. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік үшінші тілді енгізу мүмкіндігі де сақталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG