Бұл Сирия басшысының Түркияға үш күндік алғашқы сапары.
Қарашада Стамбулда болған жарылыстан кейін Сирия Түркияға осы қастандықты ұйымдастыруда күдікті деген 20-ға тарта адамды ұстап берген. Түркия президентімен бірлесіп өткізілген баспасөз мәслихатында Ассад бұл сапар екі елдің қарым-қатынастары жақсарып келе жатқан тұсқа дөп келді деген.
- Біз бүгін мақтануға тұрарлық жақсы жағдайға қол жеткіздік. Біз бірлесіп қауіпсіздікті жасай алдық, қауіпті ортаны кейінде қалдырдық, - деп атап көрсеткен ол.