Accessibility links

Н.Буш: “Білім берудің заманауи жүйесі мектеп оқушыларының қажеттілігіне жауап бермейді”


Бұл туралы қаңтардың 6-да Аламтыдағы жоғары оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен болған кездесуде Ignel Inc компаниясы басқармасының төрағасы, АҚШ-ң қазіргі президентінің інісі Нейл Буш мәлімдеді. Буштың пікірінше, мектеп бағдарламасындағы материалды қайталау және жаттап алуға негізделген қазіргі әлемдік білім беру жүйесі замана талабына сай келмейді. Балалардың талантын ашуға мүмкіндік беретін басқа әдістеме қажет. Осындай әдістеменің бірі ретінде аталған компанияның бағдарламасы ұсынылып отыр. Н.Буш жаңа әдістеме мен бағдарламаны Қазақстан мектептерінде қолдану үшін оны сынақтан өткізуге өзара ынтымақтастыққа әзірлік танытты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG