Accessibility links

Қазақстан Президенті Нейл Бушты қабылдады


Қаңтардың 7-күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка құрама Штаттарының Президенті Джордж Буштың інісі Нейл Бушты қабылдады. Кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген Нейл Буш өзінің Қазақстанға келген алғаш сапарының мақсатын Қазақстан деген елді көру, оның одамдарымен кездесіп, танысу екендігін айтты. Ол Қазақстанға келген сапарында екі университет пен Мирас мектебіне барып, оқушы, студент жастармен кездескендігін жеткізді.

«Қазақстанның білім ордаларына барғанда, мен білім саласында қызығушылық танытып жүрген жаңа реформалармен бөлісуге мүмкіндік туды», – дейді Нейл Буш.

Қазақстан Президентімен кездесу барысында, ол менің Қазақстанның білім саласына ұсынған реформаларымды жақсы қабылдады және қолдайтындығын білдірді дегенді айтты Нейл Буш.

Нейл Буш өзінің сөзінде ол ешқандайда Құрама Штаттар билігінің атынан келмегендігін және олармен ешқандай да қатысының жоқ екендігін айтты. Сонымен қатар Нейл Буш өзінің әкесі Джордж Буштың үлкен сәлемін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткіздім дейді.
XS
SM
MD
LG