Қаңтардың сегізінші жұлдызында журналист Генадий Бендицкийге қатысты соттың үкімі шығуға тиіс екендігі туралы “Время” апталығының алдыңғы сандарында хабарланған болатын. Оқиғаның қысқаша тарихымен таныстыратын болсақ, Генадий Бендицкий газет бетінде Қорғаныс Министрлігіне аударылған қомақты қаржының қайда кеткендігі туралы журналистік зерттеу жүргізіп, бірнеше мақала жазған еді. Журналистің мақаласында бюджеттен аударылған мол қаржының “Республикалық инновациялық қор” атты жабық акционерлік қоғамның есеп-шоты арқылы ұшты-күйлі жоғалып кеткендігі туралы айтылған. Міне осыған байланысты аталмыш қордың төрағасы Асығат Жабағин журналисті сотқа бергені белгілі.
“Время” апталығының 8 қаңтар күнгі санында “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев осы оқиғаға байланысты пікірін білдіріп өтіпті. Алтынбек Сәрсенбаев Генадий Бендицкийді өз ойын батыл айтатын журналист ретінде бағалапты. Оның айтуынша, президенттің өзі осы мәселеге араласып, құзырлы органдарға тапсырма бергендіктен, тексеріс нәтижесінің қортындысы шыққанша, бұл процесті тоқтата тұрған абзал.
“Түркістан” басылымының 8 қаңтар күнгі санында жарық көрген мақаласында, Гүлбиғаш Омарова Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко Үкіметке не үшін келді деген сауал қойып, оның себебін іздейді. Мақала авторының айтуынша, Григорий Марченко Ұлттық Банк төрағасы қызметінде өзін жаман көрсетпеген. Соңғы үш жылда инфляция деңгейі түскен, алтын қоры өскен. 2002 жылы Қазақстанның экспорты 10 милллиард доллардан асқан. Дегенмен мақала авторы Григорий Марченконың Парламент депуттарының алдына шығып, есеп бермегендігіне де тоқталып өтеді.
Ал, “Экспресс К” газетіне берген шағын сұхбатында Григорий Марченко, Жоғарғы билікке президент өтініш жасағаннан кейін бара жатқандығын мәлімдепті.
“МК в Казахстане” басылымының бейсенбілік санында жарық көрген Әсия Байғожинаның мақаласында, Мәжіліс мақұлдаған “Бұқаралық ақпарат құралдары” туралы Заң жобасы тәуелсіз басылымдардың үнін-өшіруге бағышталған құжат ретінде бағаланыпты. Әсіресе, аталмыш заң жобасындағы журналист белгілі бір мемлекеттік ұйым туралы сын жазған жағдайда, оған ешқандай да ақпарат берілмейтіндігі туралы бап газет тілшісініің наразылығын туғызып отыр. Газет тілшісі алдағы уақытта журналистің кез-келген мақаласы үшін жауапқа тартылуы мүмкін екендігін айта келіп, алдағы уақытта тек ресми орындар берген мәліметтерге ғана сүйену қажеттілігіне байланысты да өз ойын білдіріп өткен.
“Жас алаш” газетінің соңғы санында Астана қалалық сотының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің канадалық мұнай өндіруші “Петро Қазақстан” компаниясына таққан айыбын заңды деп тапқандығы хабарланыпты. Газеті тілшісі Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстандағы жанар-жағар май мен мазуттың 50 процентін өндіретін “Петро-Қазақстан” компаниясы өткен жылдың өзінде 4 миллион тоннаға жуық жанар-жағар май өндіріп, 200 миллион доллардан астам пайда тапқан. Мақалада айтылған, соттың шешіміне сүйенетін болсақ, канадалық компания өзінің мұнай нарығындағы монополиялық жағдайын пайдалана отырып, өткен жылдың 6 тамызынан бері мемлекет белгілеген тәртіпті бұзып, жанар-жағар май мен мазутты сатудан 149 миллион 322 мың теңге табыс тапқан. Мақала авторының айтуынша, компания осы қаражатты енді республикалық бюджетке қайтаруы тиіс.
“Мегаполис” апталығы болса, таяуда Астанаға келіп қайтқан, Америка Құрама Штатының президенті Джордж Буштың інісі Нелли Бушпен сұхбат жүргізіпті. Газеттің бас редакторы Ермек Тұрсыновқа берген сұхбатында, Нелли Буш Қазақстанға келгендегі сапарының саясатқа қатысы жоқтығын мәлімдепті. “Мен бизнесменмін. Мені әлемдегі білім жүйесінің қалай дамып жатқандығы алаңдатады” дейді Нелли Буш. Алайда Нелли Буш Америка Құрама Штатындағы Қазақстан елшілігі тарапынан, Қазақстанға келуге өтініш білдірілгендігін да жасырмапты.
“Алматы ақшамы” газетінде Нелли Буштың Алматыдағы бірқатар жоғарғы оқу орындарын аралағандығы туралы хабарланған.