Accessibility links

Грузия мен Ресейдің ресмилері Мәскеуде кездесіп, Грузияның болашағы жөнінде келіссөздер жүргізген.


Бірақ әңгімелесулер нәтижелі бола қоймаған. Келіссөздерге қатысқан Грузияның сыртқы істер министрі Тедо Джапараидзе Азаттық радиосына грузин тарабының Ресейдің өз әскерлерін Кавказдан алып кету үшін 11 жыл қажет болады деген талабымен келіспейтіндіктерін айтқан. Дегенмен де ол орыстар жағынан еркін ықыласты ниеттердің байқалып қалғаны жақсылықтың нышаны дейді: - Әскерлерді шығару үшін олар сұрап отырған уақыт пен қаржы көлемі тым асырыңқырап жіберліген сияқты көрінеді бізге. Бірақ та маңызды бір нәрсе бұрын жиі болмаған екі жақтың да ықыласты жақсы ниеттері аңғарылып қалды, - деген ол. Тбилиси шенеуніктері кеше Аджария автономиясында төтенше жағдай енгізу жөніндегі аймақ басшыларының шешімін сынаған. Грузияның Әділет министрлігі өкілінің айтуынша, Конститутцияға сәйкес мұндай шешемді тек ел Президенті ғана қабылдай алады.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG