Accessibility links

Карнеги атындағы Бүкіләлемдегі бейбітшілік үшін қорының жасаған хабарламасында АҚШ президенті Буш әкімшілігі Ирақтың жаппай қырып жою туралы қаруы жөніндегі ақпарларды жүйелі түрде бұрмалап келді делінген.


Вашингтонда аталған хабарламаны талқылаған АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Ирақта мұндай қарудың болғандығына өзінің сенімді екендігін айтқан: - Олар, Карнеги қоры, біз Ирақтың жойқын қаруы жөніндегі мәліметтерді дабырайтып көрсеткен болуы мүмкін дейді. Бірақ олар онда қару болған жоқ деген де сөз айтпайды. Анық нәрсе Ирақта жаппай қырып жою қаруы жане бағдарламасы болды, оны олар өз адамдарына жане Иранға қарсы қолданды, - деген Колин Пауелл. Пауелл сондай-ақ нақты айғақ болмаса да, Саддам Хусейін мен Әл-қаиданың бірлесіп жұмыс істегендігіне сенетіндігін де қайталап айтқан. Кеше Ирақта Американың бір тік ұшағы құлап, оның бортындағы 9 адам да опат болған.
XS
SM
MD
LG