Accessibility links

“Караван”, “Новое поколение”, “Страна и мир”, “Дала мен қала”, “Ақ жол Қазақстан”, “Деловая неделя” газеттері


Мерзімді басылым беттерінде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын әр қырынан бағалайтын талдау материалдармен қатар бұрынғы вице-премьер Александр Павловтың қызметінен кетуінің “билік дәлізінде” айтылған себептері талданып, белгілі кәсіпкер Александр Машкеевич қызметінің белгісіз тұстары көрсетілетін мақалалар жарық көрді.

Орыстілді басылымдардың басым көпшілігінің басты тақырыбы – Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары. “1991 жылдан бері екі көршінің қарым-қатынасы осыншалық жақын болмаған еді. Оған қоса бұл тең құқылы одақ ретінде қалыптасуда. Ал бұл сонау 1731 жылдан бері байқалмаған”, - дейді қауіп-қатерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев “Новое поколение” газетінде. “Алайда, Мәскеу Қырғызстан және Тәжікстанмен қатар Қазақстанды да Орталық Азиядағы экономикалық және әскери-саяси позициясын нығайту үшін алаң ретінде пайдалану мақсатында қарастырады. Бисмарктің “әр одақтың аты пен атқосшысы” бар деген сөзі мәлім. Бірақ Орталық Азиядағы тәртіп атқосышылық деңгейге көтерілу үшін өсіп-жеткен жоқ. Ал ат болғылары келмейді. Қазір Орталық Азияда “алшақтық сақтай отырып үзеңгілес болу” саясаты сәнді болып есептеледі”, - саясаттанушы.



“Страна и мир” газеті: “Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді”, - деп бағалай отырып, бұл ортақ валютаға көшу туралы мәселеге серпіліс беретін шығар деп үміттенеді. Өйткені, “Нұрсұлтан Назарбаев дәлірек айтқанда, бұрынғы кеңестік кеңістіктің идеялық дем берушісі”, - дейді “Страна и мир” газеті.



“Дала мен қала” газетінің мәліметтеріне қарағанда, “Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетін күннің кешінде “Конгресс-холда салтанатты жиын өтіп, онда Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен жаңа 2004 жыл – Қазақстандағы Ресей жылы“ деп ресми түрде жарияланады”. Былтырғы Қазақстанның Ресейдегі жылы “Қазақстан эстрада және опера жұлдыздарының Мәскеудегі концертімен есте қалды. Осы мерекелік шараларды өткізу барысында біздің еліміз ресейліктерге ең алдымен өзінің мәдени жетістіктерін көрсетуге ұмтылғаны анық”, - деп жазылған “Деловая неделя” газетінің басты мақаласында. Ал “Ресейдің Қазақстандағы жылын өткізуде екпін ең алдымен өзара тиімді экономикалық қарым-қатынасқа салынуы тиіс” деп мәлімдеме жасалған. Онысы түсінікті де, өйткені, Ресей мәдениетін Қазақстанға енгізудің мәнісі жоқ. Ол онсыз да басым”,- дейді “Деловая неделя” газеті. “Дәл сол мәдениет саласында Ресейдің символдық қадамға баруы, дәлірек айтқанда, оның үш жүздің ханы Кенесарының Петербургтегі сүйегін қайтарып беруі күтілген еді”. Алайда, бір жыл бойы “ресми деңгейде ешкім ләм-мим деген жоқ. Неге біз өз өз қайраткерімізге құрмет көрсете алмаймыз? Ресейге бұл қадамға баруы үшін не кедергі? Әңгіме бұл жерде ең алдымен мәдени құндықтар туралы емес, фашист басқыншыларының туысқандарына да берілетін мәйітті жерлеу құқығы туралы болса керек”, - дейді “Деловая неделя”. Мақала авторларының айтуынша, екі ел арасында “ірі саяси мәселе жоқ. Алайда, “ кейде антиқазақстандық көңіл-күй көрініп қалады. Бұл, мысалы, Шешенстандағы “қазақ диверсанттары” туралы хабарлама”.

Ал Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцин мен белгілі олигарх Александр Машкеевич “Ақ жол Қазақстан” газетінің “Ельцин шынымен өліп қалған ба?” және “Машкеевич қазақ экономикасының үштен бірін ұстап тұр” деген мақалаларының басты кейіпкерлеріне айналыпты.



“Караван” апталығы “Банкирлерді билікке!” деген мақалада Үкіметтегі болған соңғы орын алмастырулардың мән-жайына тоқталады. “Бұрынғы вице-премьер Александр Павловтың Ахметовтің үкіметінен кетуі ешкімді таңдандырмады. Иманғали Тасмағамбетов үкіметіндегі Қаржы министрі Ахметовтің министрлер кабинетінде екінші тұлға болуға ұзақ уақыт келісімін бермеген болатын. Ақыры оны “сындырды”, бірақ премьер мен оның орынбасарының көптеген мәселелерге әр түрлі көзқараста болуы туралы әңгіме билік дәлізінде айтылып жататын. Сондықтан, Павловтың кетуі тек уақыт ықтиярынады мәселе болатын. Ал бірінші вице-премьердің орнына Григорий Мрченконың тағайындалуы көбірек таңаданыс тудырды. Мысалы, бірінші банкир Ұлттық банкті Алматыдан Астанаға көшіруге қарсылық білдіріп баққан. Мұны көпшілік Марченконың Астанаға мүлдем кеткісі келмейтігі деп бағалаған болатын”, - дейді мақала авторы Андрей Петренко.
XS
SM
MD
LG