Accessibility links

Бүгін Астанада Ресей президентінің ресми сапары басталды.


Бүгін Астанаға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында екі басшы Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша жаңа келісім шартқа қол қойылмақ. Бұл жаңа келісім шарт бойынша Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге 50 жылға жалға берілмек деп хабарлайды Итар-Тасс. Байқоңыр үшін Ресей Қазақстанға жыл сайын 115 миллион доллар төлеп келгені белгілі. Сондай-ақ Путин мен Назарбаев бұл кездесуінде Каспий мұнайын игеру мәселесін де талқыламақ. Кездесу барысында Ресейдің Лукоил Қазақстанның Казмұнайгаз компаниялары Каспийдің Қазақстан бөлігінде жатқан Достық кенішін бірігіп игеру туралы келісімшартқа қол қоймақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG