Accessibility links

Алматы қаласында жұмыссыздардың саны азайып келе ма?


Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында, көптеген жұмыс орындарының ашылғандығы, мыңдаған адамдардың жұмыспен қамтамасыз етілгендігі туралы жиі-жиі айтылып жүр. Алайда сарапшылардың айтуынша, Алматы қаласындағы жұмыссыздардың қатары, азаюдың орнына күн өткен сайын көбейіп барады.

Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2003 жылы 8248 адам жұмысқа орналасқан.

Жапаров Мұрат Кәкенұлы, Алматы қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы. - Алматы қаласы әкімінің шешімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топ құрылған. Ол нысаналы топқа мүгедектер тіркеледі. Еңбек нарығында жұмыс істеуге қиналатын адамдарды осы нысаналы топқа кіргіземіз. Оның ішінде мүгедектер, зейнетке шығатын үлкен адамдар бар. Жастар да кіреді. Кәсіпорындарға бекітеміз, ондай адамдарды. Кәсіпорындардың оларға жұмыс тауып беруін талап етеміз. Былтыр тоғыз адамды біз бекіткенбіз, тоғыз жүз тоқсан адамды осындай нысаналы топтың көмегі арқылы жұмысқа тұрғыздық.

Берік, Сейфуллин көшесіндегі жұмысыз жігіт. - Мен өзім Жаркенттен келдім. Бұл жерде ондай жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан адамдарды естіген жоқпын. Сонау ауылдан келіп отырмыз. Егер де жұмыс табылса, біз осы Сейфуллин көшесінің бойында тұрамыз ба?

Сәкен, Сейфуллин көшесіндегі жұмыссыз жігіт. - Қазіргі кезде жұмыс табу мүлде мүмкін емес. Оның үстіне кейде құқық қорғау орындарының қызметкерлері жұмыс істеткізіп, ақшасын төлемей қояды. Бірақ басқа не істейміз. Егер жұмыс болса, осы көшенің бойында тұрамыз ба?
XS
SM
MD
LG