Accessibility links

АҚШ Ирақтың тағынан құлатылған басшысы Саддам Хусейінді соғыс тұтқыны деп жариялады.


Сондықтан да оған Женева келісіміне сәйкес соғыс тұтқынына тиісті барлық құқықтар беріледі деген Пентагон өкілі. Саддамды Қызыл крест ұйымының қызметкерлері келіп көре алады және ол сыртқы дүниемен хат-хабар алысуға хұқылы. АҚШ декларациясы сондай-ақ Саддам соғыс қылмыскері ретінде де жауапқа тартылатындығын айғақтайды. Кеше Ирақтың орталығындағы Бақуба қаласындағы шиитттер мешітінде қуаттты жарылыс болған. Ең кемінде 5 адам опат болып, басқа да көптеген адам жарақат алған. Бағдадта да коалицияның бір жауынгері өлтірілген. БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан осы ұйымдағы Американың өкілі Джон Негропонтемен Ирақтың болашағы турасында қаңтардың 19-на межеленіп отырған кездесудің жай-жапсарын әңгімелесетін болады.
XS
SM
MD
LG