Accessibility links

«Зерде» қоғамдық қоры «Темірқазық» атты жаңа телевизиялық жобаны жүзеге асыра бастады.


«Зерде» қоғамдық қоры «Темірқазық» атты жаңа телевизиялық жобаны жүзеге асыра бастады. Қазақ қоғамының алдында заман талабына қарай туындаған өзекті мәселелерді қамтитын бағдарламаның алғашқы шығарылымы 15- қаңтар күні көрермендер назарына ұсынылмақшы.

Аталған қор басшысы , «Ақ жол партиясы» тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменовтың айтуынша, Темірқазық бағдарламасында мемлекеттіліктің сыны, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ қоғамының алдында тұрған жауапкершілік, жаңа туған міндеттер, сондай-ақ, жаһандану процесі мен нарық экономикасының сыны тәріздес бүгінгі күнге өзекті тағы басқа да тақырыптар кеңінен талқыға салынады. Аталған жоба көрермендерге екі аптада бір мәрте 31- телеарнадан көрсетілетін болады. Мысалы, соңғы түсірілген хабар қазақ тілінің бүгінгі жай- күйіне арналған.

Сондай-ақ, осы жобаға атсалысып жүрген «Ақ жол- Қазақстан» басылымының бас редакторы Нұртөре Жүсіптің пікірінше, қалай болғанда да, мұндай хабарлардың дүниеге келуі , біріншіден, республика телеарналарында қазақ тілді бағдарламалар үлесінің артып келе жатқандығын көрсетсе, екіншіден, бүгінгі қазақ қоғамы үшін осы мазмұндағы хабарлардың болуы мәнді. «Өйткені, қоғамдағы өзекті мәселелерді өзіміз араласып жүріп шешпесек, ондай проблемалар қордаланып, түбінде басқа түрде көрініс беруі мүмкін», - дейді Н. Жүсіп.

Ал Республикалық «Ана тілі» басылымының тілшісі Сабыржан Шүкірұлы қазақ қоғамы үшін маңызды делінетін бағдарламалардың басым бөлігі, әдетте, белгілі бір мақсат- мүдделерді көздеу барысында дүниеге келетін хабарлар дегенді айтады. Содан соң ондай бағдарламалардан қоғам үшін айтарлықтай пайда бола бермейді .

«Онымен қоса, кейде осындай жұмыстармен айналысатын әлдебір қор, үкіметтік емес ұйым, немесе, қозғалыстардың өздері де әртүрлі себептермен тарап кететін де жағдайлар кездесіп жатады», - дейді Сабыржан Шүкірұлы.
XS
SM
MD
LG