Accessibility links

БҰҰ-ның Адам даму жөніндегі есебі жарыққа шықты


Алматыдағы БҰҰ-ның Ақпараттық орталығында елдегі 2003 жылғы Адам дамуы туралы ұлттық есебі жарыққа шықты. Онда Қазақстандағы су мәселесі адам дамуының негізгі факторы деп есептеледі.

Егер Қазақстандағы ауыз су мәселесі тезірек қолға алынбаса, ол үлкен зардаптарға әкеледі . Бұл жөнінде осы басқосуда атап айтылды. Бүгінде республикада ауыз су зардабын тартып отырғандар көп. Батыс Қазақстанда осы проблема қатты сезілсе, ал елдің шығысында су мол болғанымен, ол ішуге жарамсыз. Оған су тазартатын жабдықтардың тозуы себеп болуда. Сондықтан науқастардың 20 проценті лас суды пайдаланғандықтан ауруханаға түсіп жатады.

Жалпы, Қазақстандағы су қорының 56 проценті іштегі өзен-көлдерден алынады. Ал қалған 44 проценті көрші елдерден ағып келеді. Яғни, республиканың оңтүстік шығыс бөлігі су мәселесінде көршілерге тәуелді.

Сондықтан, республика мамандары БҰҰ-мен бірлесе отырып, болашақта халықты толықтай сумен қамтамасыз етудің жобасын жасаған. Ол қаңтардың 20-сында Қазақстан парламентінде талқыланады.
XS
SM
MD
LG