Басым көпшілік дауыспен Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс желтоқсанның 25і күні БАҚ жөніндегі жаңа заң жобасы мақұлданды. Еркін сөз қолдаушыларының айтуынша, бұл заңды Сенат ойланбастан-ақ қолдайды.
Ал Ассанди Таймс газетінің редакторы Ирина Петрушованың айтуынша, заңның одан кейінгі тағдыры президент Н.Назарбаевтің қолында.
Жаңа заң бойынша Ақпарат министрлігі хабар тарату құралдарының жұмысын қажет болса қалаған кезде тоқтата алады. Монополияға шектеу жоқ, журналистердің құқығын сақтауға кепілдік берілмеген.
Заңда журналистердің ақпарат мәлімет жинауға құқығы бар делінгенімен БАҚұралдары Ақпарат министрлігі қойған талаптар шеңберінде ғана жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігі көрініп отыр.
Желтоқсанның 23і күнгі кездесуде президент Назарбаев, БАҚұралдары заңы адам құқықтары халықаралық нормаларына да сай болуы қажет деген ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымының ұсынысын бұл Қазақстанның ішкі істеріне араласу деп бағалады. Президенттің ол ойын Парламенттің бір қатар мүшелері де қолдап сөйледі. - Тіптен парламент үйі ішінде Ассанди Таймс, Караванға қоса Ақ жол, Компартиялардың да газетттері еркін таратылады. Ал бұл басылымдар мемлекетіміздің жетістіктерін мойындағысы келмейді. Мен Батыстық қана емес орысшыл газеттердің де біздің ел саясатына араласуына қарсымын. Ол басылымдардың қожайындары Мәскеуде. Тіптен Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі де қарап отырған жоқ, - дейді Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов
Жаңа заңға келіспейтін сыншылардың бірі журналист Петрушованың айтуынша, енді ол заңға Батыс елдерінің белсенді араласып өз ойларын айтып талап қоюлары ғана көмегін тигізеді. Тек халықаралық ұйымдардың, бейүкіметтік топтардың дер кезінде президент Н.Назарбаевке ескертпе, ұсыныстар жасауы, әлемдік деңгейдегі жағдайды түсіндіріп жеткізуі ғана бір қатар шектеулерден аман алып қалуы мүмкін, дейді Ирина Петрушова.
Ассанди Таймс газеті Шегара білмейтін журналистер және Газеттердің Бүкіл әлемдік ұйымы жолдаған екі наразылық үндеуін жариялап үлгірді. Сондай-ақ, қаңтарда БАҚ заңы бойынша тағы да арнайы дүниелер топтамасын таратпақ.
Жұрналист, профессор Файзолла Оразай БАҚұралдары жөнінде Мәжіліс жобасы мақұлдағaн заң жобасына орай өз пікірін былайша білдіреді.
- Парламент бұл заңды өте асығыс қабылдады. Кім білсін екі жылдан кейін жане бір жаға заң қажет болар. Алдымен ескі заңды зерттеп, жаңасын сыннан өткізіп содан кейін ғана қабылдау қажет еді. Асығыстық неге керек?
Қазақстандағы Адам құқықтары белсенділері БАҚұралдары мәселесінде АҚШтан бірер пәрменді көмек боларына сеніңкіремейді. Оған мысал ретінде журналист Сергей Дувановтың қамалуын келтіреді олар.
Ал Қазақстандық журналист Ермурат Бапи БАҚұралдары жөнінде өте нашар заң жобасынын мақұлдауында Қазақстан Парламентін кіналайды.
- Жаңа заң қабылдануынан алдын парламент мүшелерінің өзін жаңалау қажет, - дейді ол.
Адам құқықтары бойынша, Қазақстандағы Халықаралық бюро жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша, енді ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымы да, өзге халықаралық ұйымдар да Парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған бұл заңға ешқандай өзгеріс ендіруге шамалары жетпейді.
Дегенмен Жовтистің пікірінше, дұрыс заң үшін күресе берген абзал.