ҚР Парламентiнiң Мәжiлiсi қаңтардың 14-i күнi «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өлiм жазасын орындауға морaторий енгiзуге байланысты өзгерiстер мен толықтырулдар енгiзу туралы» заң жобасы бойынша қортынды әзiрлеуге шешiм қабылдады. Парламентке бiрер күн бұрын келiп түскен бұл заң жобасы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың өлiм жазасына морaторий жариялау туралы 2003 жылғы желтоқсанның 17-сiндегi Жарлығын iске асыру мақсатында енгiзiлiп отыр.
«Аталған жарлықта өлiм жазасын 2004 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап өмiр бақи бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыру көзделген-дi. ҚР Қылмыстық кодекiнiң ҚР қылмыстық кодекстi күшiне енгiзу туралы жеке бөлiмiнiң 4-бабына сәйкес, ауыр қылмыс жасағандарды бас бостандығынан бiржола айыру жазасы бұдан бiр жыл бұрын енгiзiлуге тиiс болатын. Алайда, ондай заң 2004 жылғы қаңтардың бiрiнен бастап күшiне ендi», -- дейдi депутат Рамазан Сәрпеков.
Ал жаңа заң жобасы өлiм жазасына морaторий жариялануына, оның орнына өмiрлiк бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға байланысты Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық атқару кодекстерiне енгiзiлуге тиiс өзгертулер мен толықтырулардан тұрады. Әзiрге сот процесiнде аса ауыр қылмыс жасағандарға өлiм жазасы кесiледi, бiрақ, Президент Жарлығы бойынша оны орындау процессi тоқтатылған.Осыған орай, өлiм жазасына кесу туралы сот үкiмi бiр жылдан кейiн балама жаза түрiнде орындалатын болады. Өлiм жазасына морaторий жариялануына байланысты жоғарыда аталған кодекстерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi заң жобасында морaторийдiң күшi жойылған жағдайда өлiм жазасын орындауды тоқтата тұруды реттеу нормалары да қамтылған.